Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  64


Автор: Марфуға Айтқожина

НАУРЫЗ

Шығармай жүретұғын халқым естен,
Көктеммен келді оралып
Салтым өшкен.
Сал-серілер аспандап əн шырқатса,
Арулар!
Аққу сынды қалқып өткен.
Өнердің тасқындаған арнасында,
Жұртымның үні бірге жалғасуда.
Жанарын менен алмай осы бір сəт,
Тұрғандай бақыт құсым,
Дəл басымда!
Шегі жоқ шаттығымның жүзімді өпкен,
Толқимын іштей ғана күбірлеп мен.
Түндігі Алатаудың желпілдейді,
Тұлпарлар тұяғынан
Дүбірлеткен!
Жапырағында тұратын шайқап орман,
Көл еді,
Көкіректегі айтар арман.
Қуанышқа ортақпын,
Елі-жұртым,
Құтты болсын наурызың,
Қайта оралған!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу