Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  93


Автор: Кәкімбек Салықов

ҚОС ЖҰЛДЫЗ

Жұмақтың құсы сайраған,
Егіз шоқ гүлдей қырмызы.
Жәния, Айман – жайнаған
Қазақтың екі жұлдызы.
Сұлу саз сырын ақтара,
Үзімін үннің терейін.
Күйсандық және скрипкада
Асып тұр бүгін мерейім.
Ашық айтып шын сырды,
Түзесек сәтін сәлемнің.
Көтерген ұлттық рухымды,
Қос жұлдызы олар әлемнің.
Қосылғандай қос бұлбұл,
Жүздері де гүл-дәрі.
Күлім қақса қос дүлдүл
Шыдатпас адам іңкәрі.
Сиқырлы әуен маздатар,
Қызыққа қанды сахнамыз.
Аспанда жанған қаз-қатар
Қос жұлдыз – екі дана қыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу