Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  138


Автор: Кәкімбек Салықов

БІРЛІК ТӨРІ – АСТАНАМ

Асыл аймақ, Есіл еркем,
Құтты болсын көшің көркем –
Ел аңсаған.
Жасап қазақ биік төрін,
Қыран-қала, биіктедің,
Мен жар салам.
Тілек қосқан барлық достың,
Жүрек тербеп, басын қостың,
Сен өркенде.
Нұрың жансын, асыл мекен,
Саған бақыт ғашық екен
Кең өлкемде.
Ата жолын білген едім,
Құштар жаным бірге менің,
Сен шарықта.
Сәлем алшы, тәжім етем,
Заман сырын мәлім етем
Мен халыққа.
Әнім – шашу, күйім – тұмар,
Шаттық кернеп, болдым құмар
Жас сәулетке.
Елге – ырыс, жерге – қорған,
Төрің толсын, Алтын Ордам,
Мол дәулетке.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу