Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  106


Автор: Кәкімбек Салықов

ФАЗЫЛ АҒА ӘУЛЕТІ

Шарбақкөлмен көршідей біздің ауыл,
Кәрібжанов әулеті маған бауыр.
Фазыл аға – жанымның бір жалауы,
Жыр арнасам сүйсінді оған дәуір.
Омбыдағы қазақтар жүзі жайнап,
Шақырғасын сыйладым салтын әйбат.
Жұмекең мен Фазекең ізін көрдім,
Бауыр тартты жанымды алтын аймақ.
Жақсыларға жарассын жақындығым,
Керек қылар әйтпесе ақынды кім?
Көсемдерді атына сай ардақтар
Туар әлі толағай, татымды күн.
Жәнібекпен Көкшеде табысып ек,
Тәуелсіз ел байқап ем намысы деп.
Қытайдағы біздің ел елшісіне
Сәт тілеймін, болғай-ақ табысы көп.
Кезек келсе жас өрен Қайратыма,
Көріп жүрмін сан жылдар әр сатыда.
Қазақ тілін біледі ақындарша,
Әр қимылы қазақтың тән салтына.
Мақтан етсем артық сөз қосары жоқ,
Қысқа айтуды қашанда тосады көп.
Кәрібжанов әулеті шымқай қыран,
Ішінде бір шәлтірік осалы жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу