Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  101


Автор: Ұлықбек Есдәулет

КҮЗГІ ДЕВАЛЬВАЦИЯ

Ала жаз өте шықты сайран қуып,
Алқынып қала бердім айлам құрып.
Алдыма алып келді
Алхимик — күз
Алтынға жапырақты айналдырып.
Күзгі бақ құшағына жиі енемін,
Күрсініп,
Күрең күнге сүйенемін.
Күлімдеп келе қалса қайран көктем,
Күйдіріп ерінінен сүйер едім.
Көзімнен бұл-бұл ұшты-ау мұңсыз жалған,
Күмбезі күлгінденіп,
Күн сызданған.
Аспаннан алтын шашып ағаштар тұр,
Асылдың заманы ғой құнсызданған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу