Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  88


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Ақынды түсінерсіңдер...

Ақынды түсінерсіңдер,
Гүл теру үшін
Айға ұшса...
Қияли кісі дерсіңдер,
Қалықтап жүрген байқұсқа.
Тұрса да ол заманақырда,
Жұлдызбен жаны тілдесер,
Болғанша бодан ақылға,
Ақын боп азат күн кешер.
Қарсы сап желдің өтіне
Құтыртып жүрген қандай күш?
Қонар ма жердің бетіне
Қанаты сынбай ондай құс?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу