Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  102


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ҚЫСҚА ЖІП

Мен сендерге бола алмадым сүйеніш,
сорым — ұзақ,
қолым — қысқа,
күйеді іш...
құдды мендей ұялатын тәрізді,
құмға басын тығып тұрған түйеқұс.
Тоқта тұрған жүрегім бар тыз еткіш,
табаным бар,
қабағым бар сыз өткіш,
достарым бар
дымым шықса түзеткіш,
аспаным бар
адымымды күзеткіш.
Дөңайбат қып,
дүрдигенмен құр кеуде,
қысқа жібім келмей қойды-ау күрмеуге.
Болар да еді бәрін қайта бастауға,
бұл өмірді болар да еді сүрмеуге...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу