Өлеңдер ✍️

  13.06.2022
  82


Автор: Ұлықбек Есдәулет

БІЗДІҢ АҚЫНДАР

Бір ақын революцияны мақтаймын деп атылды,
Бір ақын Сталинді даттаймын деп атылды.
Бір ақын ұлтымды сақтаймын деп атылды,
Бір ақын ұлтсыздықты жақтаймын деп атылды.
Бір ақын туған жерді қорғаймын деп атылды,
Бір ақын жалғандыққа бармаймын деп атылды.
Бір ақын коммунизмді армандаумен өліп кетті,
Бір ақын кеңестік қаламын бізге беріп кетті.
Ал біздер болсақ амалдап,
Өткенді жүрміз жамандап,
Ақиқатты айтар ақын жоқ,
Еліміз қайдан оңалмақ?
— Бостандық жоқ! — деп нар кеуде,
Күркіреп қояр әр-кейде.
Азаттық үшін, апырмау,
Атылып кетсек арман не?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу