Өлеңдер ✍️

  12.06.2022
  58


Автор: Ұлықбек Есдәулет

МАҢЫРАҚ

Даланы көр де бізді көр —
телқоңырдаймыз,
ешқашан біздер тұмсықты желге бұрмаймыз.
Бетеге, жусан —
жауығып, тиісер еліміз,
бағымыз біздің —
жусаған, күйсегеніміз.
Қасқыр тоқ болса —
біз де аман,
тамаша нағыз,
еркек тоқтыны құрбанға шала саламыз.
Шопан атаға — шаруам жоқ — есем кете ме,
біздерді сеніп тапсырса көсемтекеге!
Құлқын бар жерде біздердің нарқымыз биік,
терімізді де жүрсіздер жалпыңыз киіп.
Атаусыз арам қатқаннан жұтап, қырылып,
бізге өлу — арман ақ адал пышаққа ілініп.
Өліара өтіп, жасарса жадырап дала,
ақырын әнге саламыз маңырап қана.
Жапанда бізге кім бар-ау пар келетұғын,
тұяқ та серппей, тіс жармай жан беретұғын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу