Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  139


Автор: Шашубай Қошқарбайұлы

ҚОҢЫРАТ

Қоңырат қойнауы жез, қойыны мыс,
Балқашы балығымен алған тыныс.
Жерінің асты да кен, үсті де кен
Әлемге аты әйгілі ірі өндіріс.
Қазына Қоңыраттың қабырғасы,
Сары алтын жапырылған жақпар тасы.
Мыс пен жез – ел ырысы, ер құрышы,
Байлықтың түгесілмес жез қалтасы.
Қоңыраттың тасы гауһар, суы балық,
Байлығын пайдаланып жатыр халық.
Қала орнап, даласына завод салып,
Түні мен күні бірдей болған жарық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу