Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  126


Автор: Жәлел Қуандықұлы

ТЫЛСЫМ

Сен мені көктен іздеме,
Мен Жерде ғұмыр кешемін.
Бүр жарып көктем, күзде де,
Жыр гүлің болып өсемін.
Сен мені жатқа балама,
Бауырың әрі досыңмын.
Ем болу үшін жараңа,
Ұлы көшіңе қосылдым.
Сен мені көрме аяп та,
Аяныш болмас дем маған.
Теңеме тағы саяққа,
Көнбейді жүрек енді оған.
Сен мені тербе күйіңмен,
Тағайын саған неге мін?
Тағдырым соғып бүйірден,
Күресуменен келемін.
Р.S.: Сен мені көктен іздеме,
Мен Жерде ғұмыр кешемін.
Жұлқынып көктем, күзде де,
Жыр лебің болып есемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу