Өлеңдер ✍️

  09.06.2022
  84


Автор: Мерғали Ыбыраев

Бар, ондайлар

Аналар, мынау фәни тіршілікте,
Алдың-ау талай күліп, күрсініп те
Күлдірген – күміс айдар ел ұланы,
Күңіренткен – күйігімен мың шіріктер.
Солар ғой қасіретіңді молайтады,
Тар көзін кең дүниеге алайтады.
Оларға тұңғиық түн даламыздың –
Ақ жаулығың сияқты арай таңы.
Ондайды пейілі тар, түкті кеуде,
Келмейді, құрсағыңнан шықты деуге.
Құдайдай қара басын зор тұтады,
Жоқ одан жұмыр жерде мықты пенде.
Қырықта қызық қуып даладан кеп,
Ана дейді-ау алдына орала кеп.
Атама асыл сөзді, антұрған ұл,
Арланам, ана атынан садаға кет!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу