08.06.2022
  602


Автор: Алма Қыраубаева

МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫҢ ТУҒАН КҮНІ

– Балам, бүгін маусымның он төрті – Мұхаммед пайғамбардың туған күні,
– деді әкесі Данабекке.
– Пайғамбар деген кім, әке? – деп сұрады Данабек.
– Пайғамбар – дүниені жаратушы Алла тағаланың ұлы Елшісі.


Жер бетіндегі адамдарды имандылыққа шақырушы. Ал имандылық деген не? Ол – тазалық. Өтірік айтпау. Адамды сүю. Алланың бар екеніне сену.
Адал еңбек ету. Әр істі Алла көріп тұрады. Сен оны көре алмасаң да, ол сені көріп тұр. Қараңғыда ұрлық жасасаң да, көреді.
Мұхаммед пайғамбардың әкесі – Абдолла, анасы – Әмина. Әкесі Мұхаммед пайғамбар дүниеге келмей тұрып қайтыс болады. Шешесінен алты жасында айырылады. Ол атасы Ғабділмүтәліптің қолында тәрбиеленеді. Сегіз жасқа келгенде атасы да қайтыс болып, жетім қалады. Енді немере ағасы Әбутәліп асырап алады.
Осы жерде Данабек әңгімеге араласып:
– Немере ағасы деген кім? – деп сұрады.
– Ағайынды екі адамның балалары бір-біріне немере болады. Мысалы, Айбегім мен Данабектің ұрпақтары немере бауырлар. Ал ағайынды екі қыздың балалары – бөле.
Мұхаммед пайғамбар бала кезінде қой бағады.
Сауда жасайды.
Қырық жасқа келгенде құлағына дауыс келді.
Үш рет:
– Оқы, оқы, оқы! – деді.
Мұхаммед пайғамбар дауыстың айтқан сөздерін қайталап тұрады. Бұл – мұсылманның қасиетті кітабы Құранның сөздері еді. Осы қасиетті сөздерді Мұхаммед пайғамбар адамдарға жеткізді. Оны қабылдағандар мұсылман болды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу