Өлеңдер ✍️

  08.06.2022
  788


Автор: Аталық Әбдешұлы

ҚҰЛСАРЫ

Құлсары әулие өзі мекен еткен жерінде жарық дүниемен қоштасар
алдында, құлағынан ұдайы дүбір мен дүрсіл кетпейтін қасиетіне болжам
жасап, өсиет қалдырған екен:


« – Дүбірді шалды құлағым,
Кетпеді дүрсіл, шырағым,
Қазына толы бұлағым
Киесі қонған пырағым –
Кеудемнен ытқып парлады
Толқындай лықсып бір ағын,
Алапқа тартты арнаны
Алаудай жолын жарық қып,
Жанғандай қайта шырағым,
Өсиет еттім, құрағым,
Бүркенген перде жылғаның
Айқара жоны сөгіліп
Ашылар беті тұнбаның:
Түзілген қойнау сайлығы,
Қонысқа қолай жайлығы,
Білектес биік мұратпен
Ағылған жандар бөгіліп,
Несібе терер өбіліп,


Кенелтер ризық төгіліп,
Түбінде елін байлығы!
Дүбірге толар жан-жағым,
Дүркірей өсер мал-жаным,
Атағым асар алысқа
Жай табар менің баз жаным –
Іздеген халқым Жерұйық
Дәл осы мекен тұрағым
Денемді қойың биікке !?–
Аманат менен, сұрағым?»
...Дүниеден озды жер егем,
Қабыл ап тілек несібін
Қайғыра жұрты жебеген,
Арулап қойды сол жерге
Қауымға беріп есімін.
Айтқаны айна қатесіз:
ана жер иіп елеген,
орасан байлық дереген
игерген қолға береген,
ырысқа елін бөлеген
береке -бірлік әр үйде
шаңырақ берік керегем,
түбі май тартсаң қияғын,
картаға мөрлеп тұяғын,
әлемге атын әйгілеп
бедерлей салған сияғын,
дүбірлі мекен Құлсары –
бабамыз неткен көреген!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу