Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  117


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Ана жақта: банк, парк, баспа бар...

Ана жақта: банк, парк, баспа бар,
Ерек үй бар елтөбелер жасқанар.
Мына жақта: жаман дүкен, көк арақ,
Барақ үйлер, бар және бір Жас Марал.
Ана жақта: ел мен «Еділ» тасқыны,
Театр бар, дала, қала бастығы.
Мына жақта: ескі автобус, тар көше,
Бар және бір текті әуеннің Жас Күні.
Ана жақта: артистердің бақ, мұңы,
Кісінеген саксофондар шаттығы.
Мына жақта: қора-қопсы, ақ күшік,
Бар және бір ақыл естің Ақ Гүлі.
Ана жақта тәртіп те өзге, сөз де өзге,
Ми, күш керек мына жақты кезгенде.
Ана жақ пен мына жақты тартып ем,
Жебірей шал дәрі өлшейтін безбенге:
Мына жақтың басы жерге соғылды,
Ал ана жақ солаң етті соғұрлы.
Бар байлықтан бәсі басым қазынам,
Бетіңді әкел, әкелші аппақ қолыңды,
Сүйейін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу