Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  70


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Қашаған құсап құйғытқан қия жермен де...

Қашаған құсап құйғытқан қия жермен де,
Таптатты ма екен табынын жинай келгенде,
Асыққан малшы атынан түспей терген бе?
Тоғайдай қалың таңқурай жатыр тапталып,
Тұғылда мынау тұяқтар басып, қатталып.
Жапырақ ашсаң, – жаутаңдай қарап дірілмен,
Алқызыл жақұт ауызға жұмсақ білінген.
Сәулеңнен ішкен сілекейше ішке жүгірген,
Қор қызының бұтаққа шыққан ерніндей,
Тұғылда тұрып таңқурай жұтып көрдің бе, ей?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу