Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  135


Автор: Жұматай Жақыпбаев

ТАҢДА

Сан ғасыр сенсіз мақталған,
Көрсін деп кербез көркімді.
Қабағы жасыл шатқалдан,
Көк шәйі мұнар серпілді.
Ұйысып, қайта бөлініп,
Бәрі де солай тартады.
Бұлттарға қызық көрініп,
Қарлы шың қырғыз қалпағы.
Бұлттарға порттай тауыңның,
Үстіне кеме келгенде.
Ғажайып сұлу жауынның,
Суреті қалсын кеудеңде.
Малшынбай қалған гүл қалмай,
Сөндірсе тамшы ошақты. –
Қолыңмен ұстап тұрғандай,
Суретте кемпірқосақты.
Бақытың сенің жетпей ме,
Бір жұлып шөпті, үш қарап –
Бәйгі атың жатыр беткейде,
Бетеге шөпке тіс қадап.
Жұпарын ертіп қасына,
Түгендеп жүрген тау сәнін.
Самал да сенің шашыңа,
Сүйкетіп өтті саусағын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу