Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  98


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ОЙНАМА ТАҒДЫРМЕН, ОЙНАМА

Ойнама тағдырмен, ойнама,
«Тағдырым қолда» деп ойлама.
Ғайыптан тауға да шығарып,
Алтын тәж таққа да мұра ғып.
Оқыстан лақтырып жіберер,
Өлексе сасыған қоймаға.
Мойныңа дорбаны ілгізіп,
Тасқа да табанды тілгізіп,
Салады сорлатып қойға да.
Тағдырмен ойнама,
Қолда деп тағдырым ойлама.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу