Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  76


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ТҮНЕРМЕ, БҰЛТ, ТҮНЕРМЕ

Түнерме, бұлт, түнерме,
Түнерсең, жасын білер де.
Кеудеңді тіліп, осқылап,
Селт етіп төгер лезде.
Түнерме, бұлт, түнерме,
Түнергендердің күні өзге.
Түнерме, топас, түнерме,
Түнерсең, халық білер де.
«Топастың сыйы осы» деп,
Мойныңа құрым ілер де.
Таппасаң тесік кірерге.
Түнерме, топас, түнерме,
Түнергендердің күні өзге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу