Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  171


Автор: Ботакөз МҰХИДЕН

Бұл сен бе

Бұл сен бе
Күтпеп едім...
Өтінем, енді маған жүктеме мұң
Неге келдің?
Мен үшін енді сенің
Жоқ еді түк керегің...
Құр бекер
Тер төкпегін
Енді мені сендірмес ертектерің.
Сай-сүйегің езіліп сүйем дейсің,
Сөкпеші, селт етпедім...
Біздің күн
Батты дерсің,
Мейлі мені сезімсіз, қатты дерсің.
Кешірші, бұдан кейін сен мен үшін
Жай ғана жат біреусің!
Тағдырға көнгенім шын,
Өтінем, осылай ет тек мен үшін.
Ұмыт бəрін, сен енді мына маған,
Əншейін əлдекімсің!
 Өткенді парақтаймын,
Ант етем, енді ол күнді оралтпаймын.
Жолың ашық, кете бер мейлі маған
Ештеңе жоғалтпаймын...
Бəрібір
Бəрі маған,
Босатшы, басқа жанның бағы болам!
Кетіңіз, мен сізді енді танымаймын,
Бұрын да танымағам...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу