Өлеңдер ✍️

  05.06.2022
  85


Автор: Айбек БАЙТӨРЕ

13

Догмаларға ұйып, маза қашқан жаннан,
Күллі Еуропа шошид, «13» деген саннан.
Сенбей қайтсін енді, қауесетке осы,
Исаны да сатқан, 13-інші досы...
Он екі жыл-мүшел, белгіленген жүйе,
Оған сыймай қалған 13-інші түйе.
13 еді баста –
Құдай сөккен Бірін,
Ояна сап көрем, қабырғамның түрін.
Қанды қырғын заман, көкіректе нала,
Отауға ие болған 13 жасар бала...
Тəн берілген жалға, бар 12 мүшең.
13-ті ойлап мен де, қиялданып ішем.
31-ге біткен желтоқсанның түні,
Ал, ескіше алсаң 13-ші күні.
Батыстағы үйлер, көздің жауын алад.
Болмайды екен онда 13-ші қабат.
 
Бола қалса егер, келетіндей қатер.
Болмайды екен онда 13-ші пəтер.
Италияға барсаң, театрда сорың,
Ол жерде жоқ саған 13-ші орын.
Мазасыз ой келіп, санамызды жейді.
«13-ші атам би болыпты» дейді...
13-іне түссе қасиетті жұма,
«Қасиетсіз» дейтін, ол не деген сұм, ə?
«13» деген санға жетер-жетпес өрем,
13 минут жаздым 13 шумақ өлең.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу