Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  82


Автор: Жəлел ШАЛҚАРОВ

КҮЗ, ҮМІТ...

Сол бейне –
Сол бір сəт –
Сол бір түн.
Мен неге осынша солғынмын?
Селт еткен бір күндік махаббат,
Елес боп –
Көзіме толды мұң.
Мен неге осынша солғынмын?!
Қондың да қайта ұштың бағымнан,
Мен бе едім
Сен бе əлде жаңылған.
Біз кеше бақытты-ек
Ал бүгін,
Айналып барасың сағымға.
Пəк сенім шықты да, бір қалқып.
Жүректі жіберді сандалтып.
Бір түндік махаббат жалыны,
Жеп барад,
Жанымды дал-дал ғып.
 Жылт еткен бір сезім жылымық,
Əп-сəтте жоқ болды үзіліп.
Атымды бір рет айтпастан
Келдің де
Кеттің ғой, күз, үміт..
Ғұмыры аз ұшқынның əлегі,
Еркімді неге ұрлай береді?
Көңілім сол қаңбақ сезімнен,
Əлі де –
Боп жүрме дəмелі...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу