Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  74


Автор: Ақылбек Шаяхмет

БАР МА ДЕЙСІҢ?!

Асан-қайғы бар ма бізде?
Бар ғой!
Кебін жамылған.
Абылай хан бар ма бізде?
Бар ғой!
Түскен тағынан.
Жақсыларға жармаспай-ақ,
Жарыла алсам ағымнан,
Күлдір-күлдір кісінеткен өткен күнді сағынам.
Кенесары бар ма бізде?
Бар ғой!
Сынған қылышы.
Жылқылы ауыл бар ма бізде?
Бар!
Шайқалған ырысы.
Бұқар жырау бар ма бізде?
Жүрген шығар дін аман
Сарай ақын болып кеткен ұсағы мен ірісі.
Бар ма дейсің?!
Бардың бəрі көшелерде жазулы,
Бар деген соң шамның бəрі көшелерде жағулы.
Ауылда жоқ,
Қалада бар
Неткен қиғаш тіршілік?
Білмей тұрмын бұл арадан безуді не қалуды?!
Бар ғой , бірақ, желтоқсанда қар жастанған тұлғалар,
Дарияға құймайды ма жылжып аққан жылғалар.
Аузын ашқан айдаҺарың кесірткеге айналып,
Ырылдаған бөлтірігің ертең, бəлкім, піл болар.
Əр ғасырда болған екен батыры да, ақын да,
Кіргендер бар, кірмеген бар хандар тіккен шатырға,
Жақсылық пен жамандығы түсіп жатқан итжығыс,
Жаңа ғасыр қазір бізді басып отыр тақымға




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу