Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  104


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Бес қаруың түгел болса бойыңда...

Бес қаруың түгел болса бойыңда,
Жауым көп деп берілмейсің уайымға.
Абырой да келеді екен өзі іздеп,
Атақ-даңқы ерлігіне сай ұлға.
Аман қайтқың келсе жойқын ұрыстан,
Қалқан болсын қорғанатын қылыштан,
Байқамасаң уды жұтып қоясың
Күнделікті су ішетін ыдыстан.
Титтей затты елемесең сен егер,
Бір тесіктен суға батар кемелер.
Жақ біреуде, оқ басқада тұрғанда,
Нысанаға атыла ма жебелер?!
Болсын деймін есік мықты, топса нық,
Бəлкім, мені ақын дерсің қақсауық.
Қайда жүрсең қорғап жүрер пəледен,
Ақыл-ойың, ар-намысың – ақ сауыт.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу