Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  66


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ТОРМОЗ

Атайды екен тормоз деп
Көліктердің тежейтұғын тетігін.
Осы сөзде бар секілді екі ұғым.
Тапжылтпайтын тормоз керек емес пе
Қиылысында адамдардың ниетінің.
Тормоздардың салдарынан бұзылған
Жолдың үсті қызыл қан.
Тап боласың апатқа
Кетсең аттап ала жолақ үстінен сен сызылған.
Жеті түнде, ай жарықта, күндіз де,
Тормоз деме, сабыр сақтап тұрмыз де,
Тежегіш деп атап жүрген бұл күні
Ата-бабам неге берген тіл бізге?!
Үлкен өнер шауып бара жатып та,
Тарта білу ала қашқан ат басын.
Сабыр керек жету үшін бақытқа,
Тормозы жоқ жандардан тек сақтасын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу