Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  69


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ҚҰБА ТАЛ

Есігімнің алдындағы құба тал,
Көлеңкеңде отырғанды ұнатам.
Сендей талдан жəне мендей адамнан
Басталады, құралады ұлы Отан.
Күнде күліп келе берсін бұла таң,
Күн шығарда бой жадырап, гүл атам.
Жайнап тұрған жапырағы, шалғыны,
Жер-анамыз бəрімізге бір Отан.
Сені қалай дəтім барып құлатам,
Бір бұтағың сынса, қайтіп жұбатам.
Мені ажалдан,
Сені қара балтадан
Сақтап келген қасиетті бұл Отан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу