Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  63


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жазықсыз жанға тиісіп...

Жазықсыз жанға тиісіп,
Көрмедім бекер жамандап.
Табаным жермен түйісіп,
Сол жерде тұрдым табандап.
Аққулар қонса көліме,
Сөзім де енді түзелмек.
Тіземді бүктім жеріме,
Көрмедім жауға тізерлеп.
Перзентің менен пендеңді
Атаса-дағы ел не деп.
Бастырған жоқпын кеудемді,
Баспадым алға кеуделеп.
Қырыққа келген жасымда
Қайралсам қайта, жаман ба?
Адалға иген басымды
Басындырмадым арамға.
Туған жер, шіркін, киелі,
Беліңді бекем буған соң,
Төбең де көкке тиеді,
Табаның жерде тұрған сон.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу