Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  191


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ДҮКЕНДЕ

Жалтылдап алтын алқалар,
Сыңғырлап күміс сырғалар.
Кезекте тұрған қалқалар
Емес қой сəннен кұр қалар.
Құмарлық оты жанады,
Таусылып бойда тағат бар.
Көздердің жауын алады
Білезік, жүзік, сағаттар.
Кейбіреу нағыз бақ санар
Жайнайды сəнді бұйымдар.
Сусылдап қағаз ақшалар,
Сылдырлап жатыр тиындар.
Қыздар-ай!
Осы қалпыңда
Бар болса-дағы жарасым,
Айырбастамайтын алтынға
Ерлерді қайдан табасың?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу