Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  73


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Түсіп өмір жолына...

Түсіп өмір жолына,
Шыбық мініп «болдырдым»,
Жас күнімнен қолыма
Бақыт құсын қондырдым.
Тез көндіктім тұрмысқа,
Тағдыр, шіркін, желкелеп,
Ерте кіріп жұмысқа,
Əке болдым ертерек.
Бағы ма, əлде соры ма,
Ақын деді ел мені.
Қанат бітіп жаныма,
Көңіл құстай өрледі.
Армандарым көп менің,
Арқасында өнердің,
Ақ ниетпен көктедім,
Пəк тілекпен көгердім.
Үйде, түзде, кеңседе,
Қыдыр болсын жолдасым.
Бақыт ерте келсе де,
Ғұмыр келте болмасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу