Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  91


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Осы күні жүрген кім бар жетісіп?!

Осы күні жүрген кім бар жетісіп?!
Бірақ, бірақ, кейбіреудің көздерінің еті өсіп,
Ауа райы құбылса да, жылы пештің жанында
Дəу мысықтай пырылдайды алғаннан соң сүт ішіп.
Күйеу-сынды қайынжұртта жеп отырған май төсін,
Тамағы тоқ, уайым жоқ жанды көрсең қайтесің?
Кейбіреулер сипағанды, қимағанды білмейді,
Бұзау-сынды еркелетіп, сипасаң да əукесін.
Жүрген болсам бастаулардың көзін ашып бітелген,
Кейбіреулер қозы-сынды емізікпен сүт емген.
Марқайса да, ұмытпас деп ашта жеген құйқасын,
Солардан да бір жақсылық күтем мен.
Абыржимын асық ойнап ұтылатын баладай,
Кейбіреулер асып-тасқан, жынын шашқан бурадай.
Кейбіреулер шұрқырасқан, кісінеген құлындай,
Көңіл алаң айдалада қаңсып жатқан қорадай.
Атқа мініп шынықтырса төл өрбіткен қойлы ауыл,
Ел назарын бұрып тұрса қыстауым мен жайлауым.
Қағып-сылкіп, тулақтай қып тоздырған кім даланы?
Еріксізден берілемін ойға ауыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу