Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  82


Автор: Ақылбек Шаяхмет

КҮНДЕР

Ел өмір қалай жылдам өтті дейді,
Болса екен ғұмыр қызық деп тілейді.
Күндер көп, жағадан кеп алса бірі,
Біреуі өңменімнен тепкілейді.
Кейбірі көрер көзге күліп тұрып,
Өткенді жіберердей ұмыттырып.
Кейбірі жөн сілтесе арманыма,
Кетеді енді бірі былықтырып.
Бірі жас, тағы бірі күлкі беріп,
Бір күнім тіріледі, бір күн өліп.
Тартады бірі мені құшағына,
Біреуі тоң-теріс боп сыртын беріп.
Сендерде қандырсам да құмарымды,
Білсем де өздеріңмен тынарымды.
Күндер-ай!
Есімді алған қылығымен,
Білмеймін қай жағыңнан шығарымды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу