Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  94


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жарқ етіп жанып...

Жарқ етіп жанып,
Жалп етіп сөніп,
Қалатын үміт шамындай,
Біресе ысып,
Біресе суып,
Қалды ғой таппай жаным жай.
Кетсем де тасып,
Қалсам да жасып,
Кеудемде менің жүрсің, ел!
Суалып көлің,
Қуарса егін,
Егіліп жүрек, күрсінем.
Құстарың сайрап,
Гүлдерің жайнап,
Тұрған сəт шырқап саған əн.
Қай кезде көрсем,
Болатын өлшем,
Өзіңсің сынап-бағанам.
Сыздаса жүрек,
Болатын тірек,
Туған ел – алтын қазынам,
Төрінде жатып,
Дəміңнен татап,
Пейіліңнен сенің жазылам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу