Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  89


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ҚАС ҚАРАЙҒАН ШАҚТА

Марғау түннің тыныштығы бұзылды,
Қаңғыбастар нəпақа іздеп қоқыстан,
Келген жолы осы арада сызылды,
Шуда жіптей ұшын таппай шатысқан.
Жүргеннен соң ішер асқа жарымай,
Тұла бойды араласа түнгі ызғар,
Тауықтарға қойған шашып тарыдай
Жылытпайды жыпырлаған жұлдыздар.
Адал қалып, жаманға арам болысып,
Қаңқу сөздер тиіп жатса шымбайға,
Тұрғанымен шартабақтай толысып,
Қызықпайсың нұрын құйған түнгі айға.
Көңіл күйі азып-тозған адамның
Бетін бұрып, құбылады не түрлі.
Қас-қабағын бағып тұрған заманның
Даладағы барометр секілді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу