Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  109


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ҚАЛА МЕН ДАЛА

Ауылда қызығы бір басылмаған,
Білмеймін, не жетпейді осы маған?
Жүрсем де аунап-қунап, күліп-ойнап,
Түсіме сен кіресің, жасыл қалам.
Далада – көгілдір көл, жасыл белім,
Қалада – жайнаған бақ, асыл жерім.
Дос-жаран ортасында, қайда жүрсем,
Өрге де домалап тұр тасым менің.
Кеңдік пен биіктікке асқаралы,
Арналған жүрегімнің дастан-əні.
Тұрамын мұнда келсем даланы аңсап,
Сағынып онда барсам астананы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу