Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  96


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ШЕШЕНДЕР ШЫН ШЕШІЛГЕН

Ашық болса қонағыңның қабағы,
Көңілің де көтеріліп қалады.
Сүйген жарың ас дайындап, шай демдеп,
Тартылады татулықтың табағы.
Төрге шыққан мейманымның түр-түсін,
Əңгімесін, əн мен жырын, күлкісін,
Есте сақтап жүреміз біз əрдайым
Жыртса да олар бөгделердің жыртысын.
Астымдағы атыма да оқ тиіп,
Үйге кірген жыланға да ақ құйып,
Өзім тонып, өзгелерді жылытам
Деп жүргенде аяқ-қолым қапты ұйып.
Тасқан көңіл толық емес, ортамын,
Арт жағыма қарай-қарай жортамын.
Қарды кештік, мұзды тестік, бірақ, мен,
Жауын жаумай су болғаннан қорқамын.
Кімдер жомарт, кімдер нəмарт, кім кесір,
Шешендер де айтқан шығар білгесін.
Босағаңнан аттап кірген əлдекім
Бойы жылып, сені шағып жүрмесін..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу