Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  59


Автор: Ақылбек Шаяхмет

БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ

Тілің тəтті, одан тəтті қылығың,
Иығыңда ойнақтайды бұрымың.
Түсінбеймін, еміренбей енесі
Қалай ғана тебеді екен құлынын.
Үлкен-кіші бола алар ма жақының,
Күннен күнге толысуда ақылың.
Қалай ғана күліп-ойнап жүр екен
Қызығыңнан қалған жандар мақұрым.
Біле ме олар махаббатын ананың,
Біле ме олар бал қылығын баланың?!
Көзі қиып сендей тəтті сəбиді
Кеткен жанға əлі қайран қаламын.
Дəл осындай жағдайларды көрем де,
Бар дауыспен мəлімдеймін мен елге.
Ешқашан да сене алмаймын олар да
Бір кездері сəби болды дегенге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу