Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  72


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ақ жалдарың аунаған,

Ақ жалдарың аунаған,
Айналайын, өлең-жыр,
Толқыныңда тулаған
Батып-шығып кемем жүр.
Көкке бүркіп «қаймағын»,
Асау толқын арқырап,
Алтын шабақ – ойларым
Көрінер ме жарқырап.
Шаңқылдайды шағала,
Жан толқытқан қандай үн?!
Майда құмды жағаға
Соқты толқын маңдайын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу