Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  100


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Артта қалды балалығым тай мінген...

Артта қалды балалығым тай мінген,
Озып күнде келу қиын бəйгеден.
Күні кеше жас шыбық ем майысқан,
Енді жасыл жапырағымды жайдым мен.
Жекпе-жекке шыға қалсам қайғыммен,
Шаттық дейтін бес қаруға баймын мен.
Жүрек жұтқан қырандарды білем мен,
Ұшақтарға шүйілетін айбынмен.
Жылу алсам жұлдыздардан, ай, күннен,
Дей алмаймын: «тура жолдан тайдым мен».
Дауыл болсын, құйын болсын, сел болсын,
Ар алдында аласармаймын мен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу