Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  96


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ДУАДАҚ

– Әй, Дуадақ, Дуадақ,
аңшы біткен аулап, атып, қуалап
Мәз болсын деп Құдай кескен үкімін –
айтшы, қалай құрымай жүр тұқымың?
Етің семіз,
Өзің аңқау;
толы айша
Мамыр жылжып – күн көресің қалайша?!
Қарт Дуадақ:
– белгілі жай,– деп күлді,
Сол күлкімен қауырсынын кептірді,–
ғұмыр бірдей жүйрікке де, шабанға,
амалдаймын қос қанатым аманда.
Жақсы аңшының өзі мені атпайды.
Мен өзім де аттырмаймын жаманға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу