Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  137


Автор: Лəззат МАҚАШ

1-ші хат

Таңертең бе?
Түс ауа ма?
Кешке ме?
Есімде жоқ, жоқ есімде ештеңе.
Тек əйтеуір хат жазам да отырам,
Сізге арнап таң алдында, кешке де.
Ертең бе екен?
Бүгін бе екен?
Кеше ме?
Аңсай берем «оралмайды» десе де.
Жылап тұрып жыртамын да хаттарды,
Шашып кетем Сіз жүретін көшеге.
Жаз айы ма?
Күз айы ма?
Қыста ма?
Жүдеу көңіл жыртық хаттар тыста да.
Суық үйде жазған сорлы хатымды,
Суық күнде жеткізетін құс қана…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу