Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  107


Автор: Мақсат Әлсейітов

Динозавр

Динозаврлар –
Олар адам шығар аң тәрізді,
Шығар бәлкім, саналы жандар ізгі.
Тани алмай жүрміз бе екен біз өзіміз,
Өзіміздің қалдырған қаңқамызды.
Теңіз кешіп өтіпті белуардан,
Мың жыл жасап кетіпті – тәні қалған.
Өзіміздің қалдырған тәнімізді
Айыра алмай жүрміз бе екен жануардан?
АДАМ болар,
Әлде Хауа анамыз ба?
Теңіз кешкен деуші еді көне аңызда.
Ақылымыз,
Айламыз асқан сайын,
Ұсақталып өзіміз барамыз ба?
Кім білсін?!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу