Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  114


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Арман ба...

Арман ба,
Əлде, қиянда,
Сағымданған қиял ма?
Елім бар ма еңселі,
Көрсеткендей ұялмай?!
Қиял ма,
Əлде, арман ба,
Ақиқат па,
Жалған ба?
Оңаша бір қалғанда,
Ойлана гөр,
Алданба!
Ел бар!
Əрі ежелгі,
Асқан талай кезеңді.
Тəңіріммен тілеулес,
Рухым неге тежелді?!
«Отарлады орыс» деп,
«Қусырылды қоныс» деп,
Жарты жолда қалған-ды,
Аяқталмай сол іс тек.
«Кеңес келіп килікті,
Бермеді ғой билікті...»
Бірімізге – біріміз,
Солай деп те шүйліктік.
Бəрі əлі қиялдай,
Ақталамыз...
Ұялмай.
Жүрміз тағы сүрініп,
Етек-жеңді жия алмай.
Құлағандай қабырға,
Үзілгендей адырна.
Бейтаныс əн,
Əйтеуір,
Шақырмайтын сабырға...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу