Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  84


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Обал да бар...

Обал да бар,
Сауап бар,
Құдай да бар,
Періштедей пенде бар жылай да алар.
Сəби көңіл сергелдең болар ма екен,
Тұнық бұлақ өзен боп ылайланар?!.
Оразаның намазы тоқтықта ма,
Жанар жанға пəк сезім оттық қана.
Ізгі ниет сүргінге түсер ме екен,
Жолға айналып сүрлеу де шоқпыттанар?!.
Артыңда – күз,
Алдың – түн,
Сана – дауыл,
Əділетке сəулелі дала да құл.
Салт-дəстүрім аңыз боп қалар ма екен,
Қала болған ауылда қарабауыр?!.
Көрем,
Білем,
Түсінем…
Үһілейін,
Үзілмеген үмітті үкілейін…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу