Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  89


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Сағынғанда табылмадым қасыңнан...

Сағынғанда табылмадым қасыңнан,
Самал болып сипамадым шашыңнан.
Құстай ұшып жете алмадым,
Жалған-ай,
Садағамын тамшылаған жасыңнан.
Аңсағанда алауыңды жақпадым,
Елеңдедің…
Есігіңді қақпадым.
Арманыңның арнасында ақпадым,
Бұрымыңа бақыт гүлін тақпадым.
Қиялыңда қол бұлғап құр елесім,
Деп жүргенде:
«Келесі күн, келесі…»
– Қас-қағымдай қысқа ғұмыр қиқулап,
Қайтқан құстай өте шығар?.. – демеші!
Қамыққанда қаталап бір өппедім,
Мұңайғанда шуағымды төкпедім.
Тізе берсем –
Кемшілігім көп менің,
Бірақ, жаным,
Өтінемін, сөкпегін!
Сансырадың өз деміңе тұншығып,
Сүйеуге де жарамадым құлшынып.
Рас,
Рас…
Тек сен үшін өмірдің,
Өзін-дағы қия аламын,
Бұл – шыным!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу