Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  62


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Түн

Тағы бiр тамшы үзiлдi,
Тұнық түн кiрпiгiнен.
Аспанда Ай сүзiлдi,
Қайыңның бүршiгiне.
Сандуғаш тамылжытып,
Сиқырлы салды əнiне.
Самал да дамыл күтiп
Елеусiз қалды əрiде.
Жұлдыздар жымыңдасып,
Қарасты бiр-бiрiне.
Бозбала мұңын басып,
Тарасты үйдi-үйiне.
Асыққан жанды кернеп,
Бояуға көкпен белдi.
Демiмен таңды тербеп,
Тағы бiр көктем келдi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу