Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  99


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Кешқұрым

Қақтаған жездей қызарып,
Қаптаған кірпік ұзарып,
Алтын Күн батып барады,
Жалқын күн батып барады.
Кім білген,
Жарқын ғаламға,
Салқын мұң болып қарады?..
Қызғылтым шықтай таматын,
Көкжиек керіп қанатын,
Көгершін аспан мұнартып,
Қалыңдық-кешке құмартып,
Жұмыртқа төсі жылтылдап,
Ымыртқа көңілін тұр артып…
Күлгін көк батыс салқындап,
Топ қарға ұшты қарқылдап.
Орақ Ай қасын керіле,
Төріне озды еріне.
Кім білген…
Əлде, тұр ма екен,
Мүсіркей қарап жеріме?
Мəжнүн тал – сылқым бес бұрым,
Ойлады нені кешқұрым?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу