Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  63


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Зейiн қойып...

Зейiн қойып,
Мəн берiп жарасымға,
Тұлдыр тағдыр пендеге қарасын ба?!
Қос қапталдан қаусырған екi жаға –
Үмiт пенен күдiктiң арасында,
Өксiк-өмiр өтiп-ақ барасың ба?!
Сарасың ба, қарамай,
Дарасың ба,
Күресiнде күл болып қаласың ба?!
Мөлдiреген моншақтай беттi жуып –
Жəудiреген жанардың шарасында,
Өксiк-өмiр өтiп-ақ барасың ба?!
Жеткiзбейтiн жалғанның даласында,
Аласын да айырмай,
Қарасын да;
Жан даусындай жүректiң жаңғырыққан –
Күңiренген көңiлдiң наласында,
Өксiк-өмiр өтiп-ақ барасың ба?!
Бiтiп болмас тiрлiктiң таласында,
Өшесiң бе…
Шоқтанып жанасың ба?
Күйбеңдеген күндердiң парасында –
Бiлгендердiң бұлжымас санасында,
Сейiлмеген сағым боп қаласың ба?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу