Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  114


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Ақ бата

Бай-Өлгейлік бəріңе,
Жасың менен кəріңе,
Басымды иіп жалпыңа,
Еңбеккерлік салтыңа,
Ақ батамды берейін,
Алты арыс халқыма:
Моңғол - қазақ əулетім,
Көркейе берсін сəулетің.
Жарқылдасын көңілің,
Сарқылмасын дəулетің.
Мадақталып ер ісің,
Малға толсын өрісің.
Күллі Əлемге танылып,
Көк жиегің кеңісін!
Сəнге толсын сахараң,
Əнге толсын саханаң.
Дəнге толсын баурайың,
Кенге толсын шалғайың.
Уайым-қайғың жоқ болсын,
Дастарханың тоқ болсын!
Еңбегіңмен ел сыйлап,
Көрер қызығың көп болсын!
Нұрлы болсын аспаның,
Жарлы болсын жас жаның!
Құтты болсын жыл аттап,
Жаңаға қадам басқаның!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу