Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  123


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Көд көріністері

Самал-балдыз асылса кім шыдайды,
Бүлк-бүлк күлген көл беті тыншымайды.
Бұлт пердесін бетінен сырып тастап,
Күн-келіншек қайнысын шымшылайды.
Тізбек-тізбек тырна əнін тыдатады,
Теңге ілінгендей қаз суға шым батады.
Бауырын төсеп саздаққа барқ-барқ етіп,
Қоңыр үйрек «масаңдау» үн қатады.
Күнге соғып маңдайын мұз «жылады».
Суға төніп қуғыншы құз құлады.
Көл серінің қойнына кіріп кетті,
Қашып келіп төскейдің қыз бұлағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу