Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  82


Мұхамедқазы Мəлікұлы

Еккеніңді орасың

Сəбилерді қарама сен бала деп,
Өздігінен орнамайды сана кеп.
Ана тілін сыйламайды, анасын
Өз тілінде айтпағандар ана деп.
Жүрегіңнен жүрегіңе əкеп от,
Ұрпағыңды өсірсең де мəпелеп.
Ата салтын сақтамайды əкесін,
Ана тілде айтпағандар əке деп.
Бала жайлы болғанымен талғамы,
Дəрменіне сəйкесе ме арманы.
Талай ұрпақ шайтандардың шерігі,
Дұрыс тани білмеген соң алланы.
Ұрпағым деп өртен мейлі, күй мейлі,
Санаңды əркез болмыс ғана билейді.
Ассалауды айта білмес жеткіншек
Отанын да ойламайды, сүймейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу